«АЛЬЯНСТРАНСТОРГ» ЖШҚ-НЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ЖЕҢІСТЕРІ
Компания Ресей Федерациясының барлық бағыттары бойынша, бүкіл әлем бойынша контейнерлік тасымалдауды жүзеге асырады. Клиенттер тасымалдаудың бәсекелі бағасымен сапалы сервиске қол жеткізеді: барлық қажетті рұқсаттар мен келісімдерді ала отырып, жеткізудің қажетті бағытын ойластырып жоспарлау, жүкке және тікелей тасымалдауға құжаттарды ресімдеу.
Жұмыс істеген уақыты ішінде 100 000 аса контейнер және 2,3 млн аса тонна жүк тасымалданды. Жүктерді 41 терминалдан жөнелтеміз.
Тасымалдау қызметтерінің сапасына: меншікті контейнерлер паркінің болуы; контейнерлерді РФ барлық өңірлеріне және шетелге жедел және ұтқыр жеткізу; контейнерлерді тасымалдауға арналған меншікті автокөлік автопаркі (Новосибирск, Красноярск қалаларындағы филиалдар); контейнерлік пойыздарды бұрын жөнелтілмеген экспортқа жөнелтудің жаңа станцияларын тұрақты ашып отыру арқылы қол жеткізіледі, осының арқасында клиенттер өз өнімдерін шетелге қосымша шығынсыз жібере алады; 10 жылдан аса тасымалдау тәжірибесі бар кәсіби менеджерлер мен логисттер жұмыс істейді
«АльянсТрансТорг» ЖШҚ-ның мамандануы – контейнерлік пойыздарды құрастыру және Қытайға экспорттау. Компания 8 жылдан астам уақыт бойы осы саладағы мәселелерді шешу бойынша мол тәжірибе жинақтап, осы бағытты дамытып келеді. Бұл әдіс жеткізу уақытын (құрама жүк пойыздарымен, теңіз арқылы жеткізумен салыстырғанда) 1,5-2 есе қысқартады. Пойыз кесте бойынша, станцияларда тоқтаусыз, тәулігіне 1000 км жылдамдықпен жүреді.
Компанияның тірек нарығы – Қытай. Қызмет көрсету географиясы келесі елдерді қамтиды: Қытай, Қазақстан, Моңғолия, БАӘ, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Таиланд.
2018 жылдан бастап – автомобиль көлігімен контейнерлерді тасымалдау бағытын дамыту.
Компанияның жетістіктері мен жеңістері:
2016 ж. Алғашқы контейнерлік пойыз Қазақстан арқылы Томск-Жүк станциясынан Достық-Алашанькоу шекара өткелі арқылы транзитпен жіберілді.
2019 ж. Бірінші болып Уфадан Қытайға ОСБ, фанера тиелген контейнерлік пойызды жіберді. Қазір пойыз сервисі жүйелі түрде жұмыс істейді.
2020 ж. Ресей Федерациясында алғашқы рет Барнаул қаласынан Қытайға танк контейнерлері контейнерлік пойызды жіберді. Жүк: рапс майы.
2020 ж. Контейнерлік пойыз алғаш рет Кемерово қаласынан (Кемерово-Сортировочное станциясынан) Қытайға жіберілді. Жүк: араланған ағаш.
2021 ж. Жаңа станциялардан контейнерлік пойыздарды жіберу ұйымдастырылды (олардан бізге дейін ешкім пойыз жібермеген): Мариановка, Карбышево (Омбы облысы), Асино (Томск облысы).
2020 ж. Компания Новосібір облысының жүйе құраушы кәсіпорындарының тізіміне енгізілді. «Сібірдегі бизнесті сәтті дамытқаны үшін» сыйлығының үш мәрте (2019, 2020, 2021 жылдары) лауреаты, Новосібір облысының губернаторы сенімді серіктес ретінде таныды
2022 жылы «АльянсТрансТорг» ЖШҚ TransLogistica Kazakhstan көрмесіне қатысады, онда Новосібір облысының ұжымдық стендінде ол келушілерге өз қызметтерін ұсынып, Ресей бойынша, экспортқа, импортқа, Қазақстан арқылы транзитпен жүзеге асырылатын контейнерлік тасымалдар туралы айтып береді.
Келушілерді арнайы жарнамалық кодпен тіркеуге арналған сілтеме: TRA022NEWS