TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2022 КӨРМЕСІНДЕ «БІРІНШІ ЖҮК КОМПАНИЯСЫНАН» ЛОГИСТИКАЛЫҚ МІНДЕТТЕРДІ ШЕШУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ТӘСІЛДЕМЕ
«Первая грузовая компания» («ПГК» ЖАҚ) – TransLogistica Kazakhstan 2022 мерейтойлық көрмесіне стенімпен қатысады, онда экспозицияға келушілер үшін компания қызметтері бойынша жеке кеңес беруді өткізеді, ал сарапшылар «БЖК» ұсына алатын мүмкіндіктер мен логистикалық шешімдер туралы сұрақтарға жауап береді, клиенттер мен серіктестер үшін қолжетімді цифрлық сервистермен таныстырады.
«ПГК» ЖАҚ дегеніміз – бұл Ресейде және халықаралық бағыттарда жүк логистикасы саласында қызметтер көрсететін жоғары технологиялық компания. Жартылай вагондарды, жабық вагондар мен контейнерлерді қоса алғанда, әртүрлі типті вагондардан тұратын жылжымалы құрамның ірі паркін (>100 мың вагон) басқарады. Жүк паркінің теңгерімділігі барлық жүк түрлерін тасымалдауды іске асыруға мүмкіндік береді. Компания Ресейдің 14 қаласында филиалдары, Қазақстанда еншілес компаниясы арқылы уәкіл етілген. Ірі өнеркәсіптік және өндіруші компаниялар, орта және шағын бизнес өкілдері бізге өз жүктерін сеніп тапсырады. 2021 жылғы INFOLINE Rail Russia TOP рейтингісінің қорытындысы бойынша «БЖК» тасымалдау көлемі мен жүк айналымы бойынша ресейлік теміржол операторлары арасында көшбасшы болып табылады.
«ПГК» серіктестердің логистикалық мәселелерін шешуге кешенді тәсілдемені қолданады:
- жүктерді Ресей бойынша және халықаралық бағыттарда тасымалдаймыз;
- тасымалдау шығындарын азайтуға көмектесеміз;
- өз вагондарымызды пайдалана отырып, жүктерді тасымалдау бойынша көліктік-экспедиторлық қызметтер көрсетеміз;
- жеке логистикалық шешімдерді ұсынамыз;
- серіктестерге қабылданған тапсырыстың уақытылы және сапалы орындалуына кепілдік береміз;
- тасымалдау процесі толық ақпараттық қызметпен сүйемелденеді (вагондар қозғалысын тәулік бойы диспетчерлік бақылау);
- жоғары кәсіби команда «есіктен есікке дейін» кешенді шешімдерді ұсынуға дайын.
«ПГК» цифрлық сервистері клиенттік сервистің сапалы деңгейін қамтамасыз етеді. Олар ыңғайлы және пайдалануға оңай.
«ПГК клиентінің жеке кабинеті» вагондардың келуі бойынша талдауды, тиеу және түсіру бойынша деректерді, келудің нақтыланған болжамын, динамикалық сальдо мен мөлшерлемелерді есептеу функционалын қамтиды.
«ПГК мобильді репортері» автоматтандырылған жүйесі жарамсыз деп танылған жағдайда вагондарды қабылдау мен ауыстыру уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
«ПГК» стендіне келушілер компанияның қызметтері бойынша жеке кеңес ала алады, сарапшылар «ПГК» ұсына алатын мүмкіндіктер мен логистикалық шешімдер туралы сұрақтарға жауап береді, клиенттер мен серіктестер үшін қолжетімді цифрлық сервистермен таныстырады.