АЛМАТЫДА 13-15 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА КӨЛІК АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ
2021 жылдың 15 қазанында Алматыда «Көлік және Логистика» - TransLogistica Kazakhstan 2021 24-ші Қазақстан Халықаралық көрмесі өз жұмысын аяқтады. Шараға Әзірбайжаннан, Беларусиядан, Грузиядан, Қазақстаннан, Латвиядан, Литвадан, Ресейден, Украинадан және Эстониядан 88 компания қатысты. Үш күн ішінде көрмені 1 952 маман аралап шыққан.
TransLogistica Kazakhstan 2021 ашылу салтанатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев ұйымдастырушыларға ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің құттықтау сөзін жеткізді:
«Еуразия құрлығының маңызды көлік желілерінің ортасында орналасқан Қазақстан – Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік көпір және сенімді серіктес. Мұны көрме менконференцияға қатысушылардың халықаралық құрамы дәлелдейді.
TransLogistica Kazakhstan 2021 халықаралық көрмесі отандық транзиттік-көліктік әлеуетті дамытуға, ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтуға үлес қостаынына сенімдімін» - делінген құттықтауда.
Қатысушы елдердің географиясы да, Әзірбайжан, Иран, Латвия, Литва, Тәжікстан, Түркменстан, Эстония және Ресей елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері болған қадірлі меймандар тізімі де халықаралық қатынастарды одан әрі дамытудағы оқиғаның маңыздылығын көрсетіп тұр.
Сарапшылар көлік саласының ағымдағы жай-күйі және басқа да өзекті мәселелер туралы «Көлік және логистика нарығы» III Халықаралық Конференциясы аясында әңгіме өрбітті. Конференция жұмысының екі күнінде қатысушылар көлік секторына арналған дамыту перспективаларын талқылады және стратегиялық ақпаратты ұсынды.
Пандемия жағдайындағы көлік секторын қайта жүктеу мәселелеріне арналған стратегиялық сессияға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев, Латвия Республикасының Қатынастар министрлігі Мемхатшысының орынбасары Улдис Рейманис, Беларусь Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің орынбасары Сергей Дубина, Литва Республикасының Қатынас министрлігінің Әуе және жол қатынасының көлік саясаты тобының басшысы Владислав Кондратович және басқалар қатысты.
Берік Камалиев өз сөзінде Қазақстан көлік саласын және көлік дәліздерінің көліктік әлеуетін дамытуға үлкен күш салып жатқандығын атап өтті.
Соңғы 15 жылда көлік саласына шамамен $35 млрд. көлемінде қаржы салынды. 2,5 мың шақырым жаңа темір жол салынды, 13 мыңнан аса автокөлік жолдары қайта жаңғыртылды. Бүгінгі күні республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы шамамен 100 мың шақырымға тең. Темір жолдардың жайылған ұзындығы – 21 мың шақырым. Қазақстанның «Батыс қақпалары» Ақтау және Құрық теңіз порттарында, «Шығыс қақпалары» - «Хоргос» АЭА-ғы құрғақ портта көрініс тапқан; Қазақстанның азаматтық авиация саласында 20 әуежай бар. Бүгінгі күні дамыған инфрақұрылымды ескере отырып, Қазақстан аумағымен 11 халықаралық транзиттік дәліз, оның ішінде 5 теміржол және 6 автокөлік дәлізі өтеді, - деп хабарлады Берік Камалиев.
Сондай-ақ конференция барысында короноавирус пандемиясының логистикалық қызметтердің халықаралық нарығына әсері тақырыбы да қозғалды. Латвия Республикасының Қатынастар министрлігі мемхатшысының орынбасары Улдис Рейманис пандемия көлік-логистика саласының осалдығын анықтады деп есептейді: жеткізудің дәстүрлі тізбектері бұзылды, логистикаға кететін шығындар мен тауарларды жеткізу мерзімдері айтарлықтай артты. Бұл ретте тұтынушылардың да қалаулары өзгеріп, онлайн-сатылымдарға деген екпінді өсімді көрсетті. Панельдік пікірталастардың келесі блогында спикерлер контейнерлеу мәселелерін қызу талқылап жатты. «Исткомтранс» ЖШС бас директорының коммерция және дамыту жөніндегі орынбасары Виктор Ивановтың сөзінше, мемлекеттік реттеудің ерекшелігі, ҚР-ғы контейнерлік тасымалдарды тежеуші негізгі фактор болып табылады. Сондай-ақ күні бойы көлік саласына ақпараттық және цифрлық технологияларды енгізу және заманауи әлемдегі логистиканы дамыту әлеуеті мәселелері бойынша сессиялар өтті.
Екінші күні көрмені жұмыс сапарымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов аралап шықты. Оқиға алаңында Министрдің Беларусь, Латвия және Литва елдерінің көлік саласының өкілдерімен екіжақты кездесулері болды, саланың өзекті мәселелерін талқылаудан бөлек, елдеріміз арасындағы ұзақ мерзімді серіктестік және ынтымақтастық тақырыптары қозғалды.
Екінші күннің тығыз бағдарламасы теміржол, теңіз және әуе тасымалдарын дамыту, авиация саласындағы және көлік тасымалындағы постпандемиялық шынайылықтарды талқылау бойынша сессияларды қамтыды.
Азаматтық авиация комитетінің төрағасы авиация саласындағы ахуалға пікір білдіре отырып, Талгат Ластаев келесіні атап өтті:
«Ағымдағы жылдың 2 тамызы мен 11 тамызы аралығында Үйлестірілген валидациялық миссия аясында ИКАО аудиторлары салаға тәуелсіз тексеріс жүргізді. Алдын ала деректер бойынша Қазақстан ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84 % арттырған, бұл орташа әлемдік көрсеткіштен 15% жоғары».
Сарапшылар ИКАО стандарттарына сәйкестіктік өсімін барлық дерлік көрсеткіштер бойынша атап өтті. Бірінші кезекте «ұйымдастырушылық құрылым» және «заңнама» бойынша. Ұшулардың қауіпсіздігі бойынша біз Нидерланды, Бельгия, Португалия, Чехия (87%), Латвия (86%), Дания (85%), Исландия және Польша (84%) сияқты жайлы елдердің деңгейіне қол жеткіздік.
TransLogistica Kazakhstan жобасы 1996 жылғы дебютінен бастапа көлік, логистика, машин жасау және сабақтас салалардағы мамандар үшін Орталық азиядағы маңызды оқиғаға айналды. Пандемиядан соң 2021 жылы көрме өзін тағы да бизнесті дамыту және сапалық серіктестік өзара қатынастарды орнату үшін тиімді диалогтық алаң, кездесулер мен бетпе-бет тілдесулердің орны ретінде көрсете білді.
Көрмені ұйымдастырушылар Atakent-Expo және Iteca қазақстандық көрме компаниялары. Конференция Quality Business Forum, Atakent-Expo, Iteca және E-Forum компанияларымен бірлесіп, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, Вагондар тасымалдаушылары мен операторларының қазақстандық қауымдастығының, Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының, KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының, «Шелковый Путь» логистика және бизенс халықаралық институтының қолдауымен ұйымдастырылды.