28-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі
28-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі

TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2021: ҚР КӨЛІК СЕКТОРЫН ЖАҢА ЖАҒДАЙЛАРДА ДАМЫТУ ВЕКТОРЛАРЫ

2021 жылғы 13-15 қазан аралығында Алматыда «Көлік және Логистика» - TransLogistica Kazakhstan 2021 Халықаралық көрмесі өтеді, ол 1996 жылдан бергі жұмыс кезеңінде бүкіл Орталық-Азия өңіріндегі ең ірі көлік көрмесі мәртебесіне ие болды.

Әрине, пандемия бүкіл әлемдегі көлік-логистика тізбегінің жұмысын өзгертті және қиындатты. Орталық-Азия өңірі де бұл үрдістен тыс қалмады, ал Еуропа, Оңтүстік және Шығыс Азия арасындағы жүк ағындарын жылжытудағы өңірдің маңыздылығын назарға ала отырып, Қазақстанның алдында барлық өңірлік және жаһандық көлік тізбектеріне тиімді ықпалдасу міндеті тұр. Соңғы жылдары қол жеткізілген прогреске қарамастан, көлік шығындарының жоғары деңгейі, көлік қатынасының төмен деңгейі, логистика және мемлекеттік шекарадан өту мәселелері өзекті болып қала беруде. Бүгіндері еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту Қазақстанды трансконтиненталдық көлік дәліздерінің архитектурасындағы ажырамас элементке айналдыра отырып, жаңа деңгейге шығаруы тиіс. Пандемиядан кейінгі кезеңде, бүкіл әлемдік экономикалық күйзелістерден қалпына келіп жатқан кезде, көлік дәліздері қайтадан экономикалық тиімді бола бастайды, аралас өндірістер дамиды, бұл елге туристік және инвестициялық тартымдылықты қосады. TransLogistica Kazakhstan 2021 көрмесіне қатысу Орталық Азия өңірінде бизнесті бастау немесе кеңейту үшін, жаңа өнімдер мен қызметтерді іске қосу үшін мүмкіндіктер береді. Үш күн ішінде сіздерді тек кәсіби келушілермен және әлеуетті серіктестермен,  сатып алушылармен байланыс күтеді.

Көрмеге қатысушылар қатарында Қазақстан мен шетелдің теңіз порттарының, темір жолдары мен арнайы экономикалық аймақтарының әкімшіліктері; КЛО; логистикалық компаниялар; автотехника өндірушілері мен дилерлері; вагон жасау және жөндеу зауыттары; логистикалық орталықтарды жабдықтауға арналған жабдықтарды жеткізушілер; қойма жабдықтарын өндірушілер; жүктерді өңдеуге және қоймалауға арналған компаниялар; бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер, көлік саласы үшін IT-шешімдерді, процестерді автоматтандыру және жүйелік интеграциялау технологиясын ұсынатын ғылыми және технологиялық компаниялар бар.

Қазіргі уақытта көрмеге Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва, Ресей және Украинаның 70-тен астам компаниясы қатысатынын растады. Дәстүрлі түрде көрмеге Латвиялық және Эстондық Ұлттық стендтер қойылады, онда компания өкілдері өз қызметтерін, Қазақстанның әлеуетті серіктестеріне арналған жаңа жабдықтар мен инновациялық технологияларды көрсетеді. Биылғы жылғы экспоненттердің 60%  шетелдік қатысушылар болып табылады, бұл көрменің халықаралық мәртебесі мен оның халықаралық ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды орнатудағы тиімді рөлін көрсетеді. ҚТЖ-Жүк тасымалдары, Қазтеміртранс, KTZ Express, Ақтау халықаралық теңіз сауда порты сияқты отандық өндірушілер де нарық үшін ең өзекті мазмұндағы экспозициялар ұсынады.

Пандемия көлік логистикасындағы цифрлық технологиялардың дамуын да жеделдеткенін  айта кету керек. Сарапшылардың пікірінше, логистикалық процестердің сипаты мен тізбектердің архитектурасын өзгертетін жаңа IT-шешімдерді енгізу көлік қызметтерінің өнімділігін, сапасы мен қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, экономикалық тұрғыдан да орынды. Осы ретте TransLogistica Kazakhstan 2021  әсіресе, пандемиядан кейін аса  өзекті  саналатын бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілерді, көлік саласы үшін IT-шешімдерді, процестерді автоматтандыру және жүйелік интеграция үшін технологияларды ұсынатын ғылыми және технологиялық компанияларды таныстырады.

Іскерлік бағдарламаның мазмұны сала алдында тұрған міндеттер мен өзекті мәселелерді көрсетеді. Көрме аясында «Көлік және логистика нарығы» III Халықаралық Конференциясы өтеді. Екі күн ішінде қатысушылар отандық көлік саласының жай-күйі мен даму перспективаларын - контейнерлеу бағдарламасын; көлік саласындағы ақпараттық және цифрлық технологияларды; КТО құрылысын және көлік пен логистикадағы инфрақұрылымдық жобаларды талқылайды. Конференцияның екінші күні транзитті жетілдіруге  теңіз, әуе, автомобиль және теміржолды қоса алғанда, тасымалдау мәселелеріне арналады.

Іс-шараны Қазақстандық Iteca көрме компаниясы ұйымдастырады. Іс-шараға  ресми қолдау көрсетушілер: Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ, Қазақстандық тасымалдаушылар мен вагон операторлары Қауымдастығы, Ұлттық Экспедиторлар Қауымдастығы, «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік Одағы, «Жібек Жолы» халықаралық логистика және бизнес институты.

  • Биылғы жылғы қатысушылар тізімімен және іскерлік бағдарламамен оқиға сайтында танысуға болады:

           https://translogistica.kz

  • Қатысу және ынтымақтастық мәселелері бойынша хабарласыңыз:

       Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

       Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 + 7 (727) 258-34-34

  • TransLogistica Kazakhstan көрмесіне кіру үшін тегін билетті келесі сілтеме бойынша алыңыз: https://cutt.ly/eEQBUZd