TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2026: АСТАНАНЫҢ ІСКЕРЛІК КҮН ТӘРТІБІНІҢ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА
2026 ЖЫЛҒЫ 14–16 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АСТАНАДАҒЫ EXPO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА «КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» АТТЫ 29-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ — TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2026 ӨТЕДІ.
Орталық Азиядағы көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмесі мемлекеттік құрылымдардың, отандық және халықаралық бизнестің, салалық бірлестіктер мен кәсіби қоғамдастық өкілдерін тағы да бір алаңға біріктіреді. Көрме іскерлік байланыстарды нығайтуға, әріптестік қатынастарды дамытуға, заманауи шешімдерді таныстыруға және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаң болады.
2026 жылы TransLogistica Kazakhstan көрмесіне 20 елден 230 компания қатысады. Олардың 201-і көрмеге тікелей қатысса, 28-і сырттай форматта ұсынылған. Қазақстан атынан 101 компания, ал тағы 129 қатысушы халықаралық кәсіпорындар болып табылады. Көрменің географиясы Әзербайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Люксембург, Нидерланд, БАӘ, Пәкістан, Ресей, Румыния, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Франция, Швейцария және Эстонияны қамтиды. Сондай-ақ Ұлыбритания мен Қазақстанның, Германия мен Қазақстанның, Қытай мен Қазақстанның, Ресей мен Қазақстанның, Франция мен Қазақстанның, Швейцария мен Қазақстанның бірлескен компаниялары ұсынылған. Ұлттық топтар Беларусь, Латвия, Литва, Түркия және Эстония тарапынан қалыптастырылған. Қатысушылары ең көп үш ел — Қазақстан, Ресей және Қытай.
Экспозиция көлік-логистика саласының негізгі бағыттарын қамтиды. Қатысушылар қатарында Қазақстан мен шет мемлекеттердің теңіз порттары, теміржолдары және арнайы экономикалық аймақтарының әкімшіліктері, көлік-логистикалық орталықтар мен логистикалық компаниялар, автокөлік техникасын өндірушілер мен дилерлер, вагон жасау және жөндеу кәсіпорындары бар. Сонымен қатар логистикалық орталықтарды жабдықтауға арналған жабдық жеткізушілері, қойма жабдықтарын өндірушілер, жүктерді өңдеу және сақтау саласындағы компаниялар, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер, ғылыми және технологиялық кәсіпорындар өз шешімдерін ұсынады. Көлік саласына арналған IT-шешімдерге, процестерді автоматтандыру және жүйелік интеграция технологияларына, сондай-ақ сақтандыру және консалтингтік компаниялардың қызметтеріне жеке бағыт бөлінген.
Биыл TransLogistica Kazakhstan көрмесіне алғаш рет қатысатын 36 жаңа экспонент қосылды. 2026 жылғы көрменің ерекшеліктерінің бірі — 700-ден астам компанияны біріктіретін Түркияның Қызметтер экспорттаушылары қауымдастығының алғаш рет қатысуы. Оның қатысуы халықаралық өкілдікті кеңейтіп, нарық қатысушылары арасында жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.
Тағы бір жаңа формат — саланың жетекші көшбасшылары қатысатын «Әлемді алға жылжытатын адамдар» подкаст аймағы. Бұл алаң іскерлік өзара іс-қимылдың дәстүрлі форматтарын толықтырып, көлік-логистика секторын дамыту мәселелері бойынша кәсіби диалог жүргізуге мүмкіндік береді.
TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесінің маңызды бөлігі дәстүрлі түрде мемлекеттік органдардың, бизнестің, салалық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы өкілдерін біріктіретін іскерлік бағдарламаға арналады. Үш күн бойы қатысушылар халықаралық көлік бағыттарын, жеткізу тізбектерін, қойма логистикасын дамыту, жаңа технологиялар мен Қазақстанның көлік жүйесінің перспективаларын талқылайды.
14 қазанда іскерлік бағдарлама «Жаңа дәуірдің көшбасшы әйелдері: адамдар, технологиялар және көлік пен логистиканың болашағы» тақырыбындағы пленарлық сессиямен ашылады. Сол күні «Орталық Азия: жаңа логистикалық хаб» атты панельдік сессия, екі бөлімнен тұратын BreakBulk Kazakhstan III конференциясы, сондай-ақ IRU және UN-OHRLLS ұйымдарының ҚАЗАТО-мен бірлесіп ұйымдастыруымен «Аваза іс-қимыл бағдарламасын іске асыруды ілгерілету: өзара байланыстылық пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін кәсіби және орнықты автомобиль көлігі саласын қалыптастыру» тақырыбындағы Өңірлік диалог өтеді.
15 қазанда бағдарлама Supply Chain Day тақырыптық күнімен жалғасады. Оның аясында екі тақырыптық бөлімнен тұратын Қазақстанның қойма логистикасы жөніндегі V конференциясы өтеді. Сонымен қатар OkLog кешенді жүйесінің таныстырылымы және «New Silk Way» IX халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы жоспарланған.
16 қазанда іскерлік бағдарлама елдің көлік-логистика саласын дамытудың перспективалары мен болашақ бағыттарына арналған Expert Talks «FUTURE CHECK: Қазақстанның көлігі мен логистикасы 2035» сараптамалық алаңымен аяқталады.
TransLogistica Kazakhstan 2026 Орталық Азиядағы негізгі салалық алаңдардың бірі ретіндегі маңызын жалғастырып, кәсіби диалогқа, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, іскерлік байланыстар орнатуға және көлік пен логистика саласындағы заманауи шешімдерді ілгерілетуге жағдай жасайды.
Тіркеу, фотозона және кофе аймағының серіктесі — WR LOGISTICS компаниясы, ал шоперлер серіктесі — Gradalogistic.
TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесіне ресми қолдау көрсететін ұйымдар: Көрмеге Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, KAZLOGISTICS, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Қазақстан көлік Одағы, Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторларының қауымдастығы, Қазақстанның жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы және Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы.
Көрмені қазақстандық Iteca және «Атакент-Экспо» көрме компаниялары халықаралық серіктес — ICA Events компаниялар тобымен бірлесіп ұйымдастырады.


