29-шы Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі
29-шы Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі

TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2026 БЕЛСЕНДІ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ: КӨРМЕ АЛАҢЫНЫҢ 80%-Ы БРОНДАЛДЫ, КЕЛУШІ ТІРКЕУ АШЫҚ

2026 ЖЫЛҒЫ 14–16 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АСТАНАДА, EXPO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫ АЛАҢЫНДА 29-ШЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» КӨРМЕСІ — TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2026 ӨТЕДІ.  

Іс-шара дәстүрлі түрде Қазақстан көлік апталығы аясында өтіп, көлік-логистика қоғамдастығының өкілдері, жүк тасымалдаушылар, экспедиторлық компаниялар, технологиялар мен инфрақұрылымдық шешім жеткізушілер үшін негізгі салалық алаңдардың біріне айналмақ. 

Қазіргі уақытта келуші тіркеу ашық, ал бизнес тарапынан қатысуға деген қызығушылыққа көрме алаңдарынағы жоғары сұраныс дәлел: экспозицияның 80%-дан астамы брондалған, сонымен қатар стендпен қатысуға өтінімдерді қабылдау жалғасуда. 

Көрмеге шамамен 300 отандық және шетелдік компания қатысады деп күтілуде. Қазіргі уақытта экспонент географиясы 16 ел қамтиды, олардың қатарында Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Гүржістан, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Люксембург, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Румыния, Түркия, Өзбекстан, Швейцария және Эстония бар. Ұлттық экспозицияларды Беларусь, Латвия, Литва және Эстония ұсынбақ, бұл қатысушылар мен келушілерге көлік және логистика саласындағы озық халықаралық тәжірибе және перспективалы шешімдермен танысуға мүмкіндік береді. 

2026 жылы көрме EXPO ХКО-ның барлық кеңістігін қамтып, жалпы ауданы 12 000 шаршы метр болатын төрт көрме холлында орналасады. Ауқымды экспозиция нарықтың жетекші ойыншыларын біріктіріп, көлік-логистика саласына арналған кең заманауи қызмет пен технология спектрін көрсетеді. 

Келушілерді жерүсті, әуе және теңіз көлігін пайдалана отырып жүк тасымалдау және көлік-экспедициялық қызмет көрсету саласындағы үздік ұсыныстар, қойма логистикасы мен жүк сақтау шешімдері, сондай-ақ жеткізу тізбектерін басқару процестерін цифрландыруға және автоматтандыруға бағытталған инновациялық IT-әзірлемелер күтеді. Логистикалық операциялардың тиімділігін арттыруға, көлік бағыттарын оңтайландыруға және халықаралық көлік дәліздерін дамытуға ықпал ететін заманауи технологияларға ерекше назар аударылады. 

Ауқымды экспозициямен қатар, қатысушылар мен келушілерді мазмұнды іскерлік бағдарлама күтеді, ол дәстүрлі түрде TransLogistica Kazakhstan көрмесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Тақырыптық сессиялар, пікірталастар және сарапшылық кездесулер аясында бизнес, мемлекеттік құрылымдар және кәсіби қоғамдастық өкілдері көлік-логистика саласының өзекті сын-қатерлері мен жаңа мүмкіндіктерін, халықаралық көлік бағыттарын дамыту, инновациялық технологиялар мен цифрлық шешім енгізу, сондай-ақ өзгеріп жатқан жаһандық экономика жағдайында Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту перспективаларын талқылайды. 

TransLogistica Kazakhstan үш онжылдыққа жуық уақыт бойы салалық жетістік көрсету, жаңа серіктес табу және көлік пен логистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаң болып келеді. Көрмеге қатысу компанияларға өз шешімдерін кең кәсіби аудиторияға таныстыруға, ал келушілерге нарық үрдістері мен өңірдің көлік-логистика саласының даму перспективалары туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді. 

Кәсіби қоғамдастықтың көрмеге жоғары қызығушылығын өткен жыл нәтижелері де растайды. 2025 жылы іс-шара 21 елден келген 303 компанияны біріктіріп, 6 463 мақсатты келушіні тартты және іскерлік байланыстар орнату, серіктестік қатынастарды дамыту және саланың өзекті мәселелерін талқылау үшін тиімді платформаға айналды. 

Көрмеге Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, KAZLOGISTICS Қазақстан көлікшілер одағы, Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторлары қауымдастығы, сондай-ақ Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы ресми қолдау көрсетеді. 

TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесінің ұйымдастырушылары — қазақстандық Iteca және «Атакент-Экспо» көрме компаниялары, сондай-ақ халықаралық серіктес ICA Events компаниялар тобы.  

Көрмеге қатысу үшін ресми сайтта алдын ала тіркеуден өту қажет. Тіркелу кезінде TRA26ANONS промокодын пайдалануға болады, ол іс-шараға тегін қатысу құқығын береді.