ИДЕЯЛАР МЕН ШЕШІМДЕРДІҢ ОРТАЛЫҒЫ: TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕСІНІҢ ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
2025 ЖЫЛҒЫ 30 ҚЫРКҮЙЕК ПЕН 2 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АТАКЕНТ» КҚКО АУМАҒЫНДА ӨТЕТІН 28-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫНЫҢ КӘСІБИ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ БАС ҚОСАДЫ.
13 000 м²-ден астам үш павильонда 20 елден келген 250-ден астам компания тасымалдау-экспедиторлық қызметтерден бастап, жүк сақтау мен өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарға дейінгі салалық шешімдердің толық кешенін таныстырады
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің деректеріне сәйкес, көлік-логистика саласының елдің ЖІӨ-дегі үлесі 8%-дан асты, ал инфрақұрылымға салынған жалпы инвестиция көлемі 1,2 трлн теңгеден асты. Бұл инвестицияларға автожолдарды жаңғырту, Каспий теңізіндегі порттық қуаттарды дамыту және қызметтерді цифрландыру кіреді.
Саланың алдағы жылдардағы негізгі трендтері ретінде келесілер атап өтіледі: төмен көміртекті технологияларға көшу (тасымалдау мен қойма инфрақұрылымында); мультимодальды шешімдердің үлесін арттыру; жеткізу тізбегін нақты уақыт режимінде басқаруға арналған IT-платформаларды интеграциялау; транзиттік дәліздерді дамыту. Осы және басқа да маңызды мәселелер TransLogistica Kazakhstan 2025 көрмесінің мазмұнды іскерлік бағдарламасы аясында талқыланады. Бағдарлама қатысушыларға ең өзекті шешімдермен танысуға ғана емес, сонымен қатар салалық сарапшылармен тікелей пікір алмасуға, сын-қатерлер мен даму перспективаларын бірге талқылауға мүмкіндік береді. Көрменің үш күні барысында конференциялар мен дөңгелек үстелдер өтеді, онда сала сарапшылары көлік секторының өзекті мәселелері мен болашағы туралы пікір алмасады.
- 30 қыркүйек
VII Халықаралық көлік-логистика бизнес-форумы «New Silk Way»
Транзиттік бағыттардың болашағы, Қазақстанның трансъеуразиялық тасымалдағы рөлі және халықаралық ынтымақтастықтың перспективаларына арналған стратегиялық диалог.
VIII ОТМ Көлік министрлерінің кездесуі
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің көлік интеграциясын дамыту мәселелері жөніндегі жабық министрлік сессия.
IV Халықаралық конференция «Қазақстандағы қойма логистикасы нарығы»
Автоматтандыру трендтері, қойма инфрақұрылымын дамыту және жеткізу тізбектерін оңтайландыруға арналған инновациялық шешімдерді талқылау.
- 1 қазан
I Қазақстан – Еуропалық Одақ форумы - Экспорт-импорт тасымалдарының өсуі және жасыл технологияларға көшу аясында еуропалық әріптестермен өзара іс-қимыл алаңы.
II Конференция «BreakBulk Kazakhstan» - Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау бойынша тәжірибе мен жаңа тәсілдер.
II Конференция «Көлік пен логистикадағы IT-шешімдер» - Тасымалдауды басқару платформалары, электронды құжат айналымы мен логистикалық талдау құралдарының таныстырылымы.
- 2 қазан
Expert Talks: Қазақстанның Көлік аптасының қорытындылары – Ашық пікірталас форматында өткен іс-шаралардың қорытындылары, жаңа трендтер және 2026 жылға арналған болжамдар.
Орталық Азиядағы көлік пен логистика саласындағы басты іскерлік платформаға қосылыңыз! Сізді жаңа іскерлік байланыстар, практикалық тәжірибе және өзекті салалық шешімдер күтеді.
Келушілерге арналған тіркеу ашық — іс-шара сайтына кіріп немесе сілтеме арқылы өтіп, TRAN25NEWS промокодын пайдалана отырып тіркелуге болады.
Іс-шара ұйымдастырушылары:
Қазақстандық көрме операторлары Iteca, Атакент-Экспо және халықаралық серіктес – ICA Events компаниялар тобы.