ОСЫ КҮЗ АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН АСТАНАСЫНДА КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР МЕН ҚОЙМА ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ
2024 ЖЫЛҒЫ 9-11 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» - TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2024 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
1996 жылы дебют жасағаннан бері Translogistica Kazakhstan көрмесі бүкіл Орталық Азия аймағындағы ең ірі көлік-логистикалық көрме атағына ие бола отырып, көлік, логистика, машина жасау және аралас салаларда жұмыс істейтін мамандар үшін маңызды Орталық Азияда өтетін іс-шара болды.
TransLogistica Kazakhstan мамандарға экспедиторлық компаниялармен және жеке жүк көлігі паркінің, контейнерлердің, вагондардың, теңіз және әуе кемелерінің, терминалдардың, қоймалардың және порт инфрақұрылымының иелерімен тікелей байланыс арқылы кез келген коммерциялық жүктерді жеткізуді оңтайландыруға, сондай-ақ көлік-логистикалық тізбекті құру үшін сенімді серіктестер табуға және тиімді шарттармен ынтымақтастық туралы уағдаласуға мүмкіндік береді. Жыл сайын TransLogistica Kazakhstan көліктік-экспедиторлық қызмет көрсетуден бастап жүктерді сақтауға және өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарға дейінгі салалық шешімдердің толық кешенін көрсетеді.
Қазіргі уақытта TransLogistica Kazakhstan 2024 көрмесіне қатысатындарын әлемнің 16 елінен 200-ден астам компания растады: Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Қазақстан, Қытай, Литва, Латвия, БАӘ, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Швейцария және Эстония. Литва, Латвия және Эстония өздерін ұлттық стендтер арқылы ұсынатын болады.
Көрмемен қатар бірден төрт салалық конференция ұйымдастырылады. 9 қазанда «Қазақстанда теміржол көлігі мен инфрақұрылымды дамыту» I Конференциясының іскерлік бағдарламасы ашылады. Талқылау бағдарламасында - отандық теміржол машинасын жасауды дамыту, көлік объектілері мен инфрақұрылымын салу және жаңғырту мәселелері қарастырылатын болады. Сол күні түстен кейін «BreakBulk Kazakhstan ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау» атты I Конференция өтеді. Қатысушылар жобалық жүктердің логистикасы мәселелерін талқылайды және әртүрлі көлік түрлерімен ауыр және габаритті емес жүктерді тасымалдау және кедендік тазарту бойынша табысты кейстерді таныстырады. 10 қазанда күннің бірінші жартысында «Көліктегі және логистикадағы IT шешімдер» атты I Конференция өтеді. Жүк тасымалын автоматтандыруға арналған цифрлық платформалар, заманауи ақпараттық технологиялар және цифрлық жүйелерді енгізу тәжірибесі басты назарда болады. Қатысушылар арасында: мемлекеттік құрылымдардың, логистикалық компаниялардың өкілдері және IT-өнімдерді әзірлеушілер бар. 10 қазан күні түстен кейін «Қазақстандағы қойма логистикасы нарығы» III Халықаралық Конференциясы өтеді. Қатысушылар заманауи қойма кешендерін, автоматтандыру және сақтау жүйелерін басқару мәселелерін талқылайды. Қатысушылар арасында: қойма кешендерінің басшылығы, бөлшек сауда және e-commerce өкілдері бар. Көрмеге өнеркәсіптік, өндірістік, сауда және көлік кәсіпорындарының көлік, логистика бөлімдерінің басшылары мен мамандары шақырылады.
TransLogistica Kazakhstan 2024 тіркеудің серіктесі Болгария, Бургас портындағы «Бургас Восточный — 2» және «Бургас Западный» порт терминалдарының жеке операторы - BURGAS BMF Port Burgas болып табылады. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, «Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағы, Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторларының қауымдастығы, сондай-ақ Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы ресми қолдау көрсетеді. Көрменің ұйымдастырушылары қазақстандық Iteca және Atakent-Expo көрме компаниялары болып табылады.
Көрме сайты: https://translogistica.kz
Сайтта тегін тіркелу үшін промокод: TRA24ANONS
Қатысу және ынтымақтастық мәселелері бойынша хабарласыңыз:
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
тел: + 7 (727) 258-34-34