ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒЫТТАР МЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТОҒЫСЫНДА: TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2026 АСТАНАДА КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫН БІРІКТІРЕДІ
2026 ЖЫЛҒЫ 14–16 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНДА 29-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» КӨРМЕСІ – TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2026 ӨТЕДІ.
Отыз жылға жуық уақыт бойы бұл жоба кәсіби қоғамдастықты біріктіріп, заманауи көлік-логистикалық шешімдерді таныстыруға, іскерлік байланыстарды дамытуға және саланың өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаң ретінде қызмет етіп келеді.
Көрме жыл сайын Алматы мен Астана қалаларында кезекпен өткізілетін Қазақстан көлік апталығы аясында дәстүрлі түрде өтеді. Іс-шараның елордада өткізілуі бизнес, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, салалық бірлестіктер мен халықаралық серіктестер өкілдерінің кәсіби өзара іс-қимылы үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады.
Биыл көрмеге Нидерланд пен Польша компаниялары қосылып, жобаның халықаралық географиясын кеңейтеді. Барлығы 20 елден 250-ден астам отандық және шетелдік компанияның қатысуы күтілуде. Олардың қатарында Әзірбайжан, Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Грузия, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Люксембург, Нидерланд, Өзбекстан, Пәкістан, Польша, Ресей, Румыния, Түрікменстан, Түркия, Швейцария және Эстония бар. Ұлттық экспозицияларды Беларусь, Латвия, Литва, Түркия және Эстония ұсынады. Көрмеге алғаш рет 700-ден астам компанияны біріктіретін Түркияның қызмет экспорттаушылары қауымдастығы қатысады.
Экспозиция заманауи көлік-логистика саласының негізгі сегменттерін қамтиды: жерүсті, әуе және теңіз көлігімен жүк тасымалдау, көліктік-экспедиторлық қызмет көрсету, қойма және терминал логистикасы, жүк сақтау, мультимодальды тасымалдар, сондай-ақ жеткізу тізбектерін басқаруға арналған цифрлық және IT шешімдер. Автоматтандыру технологияларына, логистикалық үдерістерді оңтайландыруға және халықаралық көлік бағыттарын дамытуға ерекше назар аударылады.
Көрменің маңызды бөлігін кадрлық әлеует, жобалық және қойма логистикасы, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, цифрландыру және жеткізу тізбектерін одан әрі трансформациялау мәселелерін қамтитын мазмұнды іскерлік бағдарлама құрайды.
14 қазанда көрме алаңында мына іс-шаралар өтеді:
«Жаңа дәуірдің көшбасшы әйелдері: адамдар, технологиялар және көлік пен логистиканың болашағы» атты пленарлық сессия адами капиталды дамытуға, болашақ мамандарын даярлауға және цифрландыру, автоматтандыру мен жасанды интеллектіні енгізу жағдайында салаға қажетті жаңа құзыреттерге арналады.
III BreakBulk Kazakhstan конференциясының бірінші блогы – «Орта Азия өнеркәсібі мен энергетикасына арналған жобалық логистика» габаритті емес және ауыр салмақты жүк тасымалдау ерекшеліктерін, ірі өнеркәсіптік және энергетикалық жобалардың логистикасын, мультимодальды бағыттарды дамыту мен жобалық тасымалдардың тәуекелдерін басқаруды қамтиды.
«Жобалық және бас жүктерге арналған трансеуразиялық бағыттар мен мультимодальды шешімдер» атты екінші блок Каспий порттары мен Орта дәліздің мүмкіндіктеріне, Орта Азия мен Кавказ арасындағы жаңа бағыттарды дамытуға, мультимодальды тасымалдарды цифрландыруға және әртүрлі көлік түрлерінің өзара іс-қимылына бағытталады.
Сонымен қатар EXPO халықаралық көрме орталығының екінші қабатында IRU және UN-OHRLLS ұйымдары ҚАЗАТО-мен бірлесіп ұйымдастыратын «Аваза іс-қимыл бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу: өзара байланысты және бәсекеге қабілетті арттыру үшін кәсіби әрі орнықты автомобиль көлігі саласын қалыптастыру» атты өңірлік диалог өтеді.
15 қазанда бағдарлама Supply Chain Day және Қазақстанның қойма логистикасы жөніндегі V конференциясымен жалғасады:
«Қазақстанның қойма және терминал инфрақұрылымы: инвестициялар, e-commerce және автоматтандыру» атты блок қойма жылжымайтын мүлігі мен логистикалық хабтарды дамытуға, инвестиция тартуға, e-commerce пен бөлшек сауда инфрақұрылымына, сондай-ақ автоматтандыруды, роботтандыруды және ЖИ-ді енгізуге арналады.
«Жүк иесі – 2030: ашықтық, цифрлық сервистер және шығындарды басқару» атты блокта логистикалық қызметке қойылатын талаптардың өзгеруі, жеткізілімдерді цифрлық басқару, шығындарды оңтайландыру, жеткізу тізбектерінің орнықтылығы және 3PL мен 4PL модельдерін дамыту қарастырылады.
OkLog кешенді жүйесінің таныстырылымы.
Қазақстан көлік апталығының бағдарламасында мемлекеттік және жеке секторлардың, салалық ұйымдар мен халықаралық көлік қоғамдастығының өкілдерін біріктіретін IX «New Silk Way» халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы ерекше орын алады. Форум EXPO Конгресс орталығында өтеді.
16 қазанда іскерлік бағдарламаны мына іс-шара қорытындылайды:
«Қазақстан көлігі мен логистикасы – 2035: дамудың келесі кезеңі қандай болады?» атты Expert Talks перспективалы көлік дәліздеріне, Қазақстанның Еуразия картасындағы болашақ рөліне, 2030 жылдан кейінгі Middle Corridor дамуына, ЖИ мен цифрлық платформаларды енгізуге, сондай-ақ саланың алдағы онжылдықтағы басымдықтарын айқындауға арналады.
Бағдарламаны Atameken Business Channel, Қазақстанның жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы және TLK Media қолдауымен 14 және 15 қазанда жұмыс істейтін подкаст аймағы толықтырады. Бұл алаң өзекті үрдістер, тәжірибелік кейстер және көлік-логистика нарығын дамыту перспективалары туралы ашық кәсіби диалог өткізуге арналған кеңістікке айналмақ.
Жаңа маусымда TransLogistica Kazakhstan көлік-логистика нарығына қатысушылардың тікелей өзара іс-қимылына, жаңа шешімдерді таныстыруға, салалық сараптама алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған кеңістікті қалыптастыруды жалғастырады.
Көрмеге Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, KAZLOGISTICS Қазақстан көлікшілер одағы, Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторларының қауымдастығы, Қазақстанның жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы және Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы ресми қолдау көрсетеді.
WR LOGISTICS компаниясы тіркеу аймағының, фотозона мен кофе аймағының серіктесі болып табылады. Компания әлемнің 70-тен астам елінде инженерлік тұрғыдан бағдарланған логистикалық шешімдерді ұсынады. Оның қызметтер портфеліне жобалық логистика, мультимодальды тасымалдар, меншікті көлікпен ауыр салмақты және габаритті емес жүктерді тасымалдау, қойма логистикасы, сондай-ақ кедендік ресімдеу мен сертификаттау кіреді.
Gradalogistic компаниясы шоппер-сөмкелердің серіктесі болып табылады. Компания 20 жылдан бері теміржол тасымалдарын ұйымдастыру саласында қызмет атқарып келеді.
TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесін қазақстандық Iteca және «Атакент-Экспо» көрме компаниялары халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобымен бірлесіп ұйымдастырады.